Бублик ATP-дің жаңартылған рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Фото: Peter Staples/ATP Tour
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Отандасымыз Александр Бублик 2525 ұпаймен 11-орнын сақтап қалды. Рейтинг көшін италиялық Янник Синнер бастап тұр (13 450 ұпай). Екінші орында испаниялық Карлос Алькарас (8160), үшінші орында германиялық Александр Зверев (8080) орналасқан.
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко 699 ұпаймен 89-сатыда тұр.
Елдің өзге өкілдері арасында Тимофей Скатов 147-орында, Бейбіт Жұқаев 419-сатыда, Денис Евсеев 439-орында, Дмитрий Попко 666-орында, Әмір Омарханов 629-сатыда, ал Григорий Ломакин 890-орында орналасқан.
Айта кетейік, бүгін, 3 тамызда Тимофей Скатов Германияның Хаген қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирі аясында аргентиналық Алекс Барренамен (ATP-261) кездеседі.