Бублик Маннариноны ойсырата жеңіп, US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@atptour

Фото: x_@atptour

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымында франциялық Адриан Маннариноны (ATP 67) 6:3, 6:1, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Матч 1 сағат 22 минутқа созылды. Бублик 16 эйс жасап, үш рет қосарланған қателік жіберді және 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ал Маннарино бір эйс орындап, үш рет қос қателікке жол берді және қарсыласының сервисін бұзуға берілген үш мүмкіндіктің ешқайсысын пайдалана алмады.

Айта кетейік, теннисшілер үшінші рет кездесті. Осы жеңістен кейін Бублик өзара кездесулердегі есепте алға шықты – 2:1. 2020 жылы қазақстандық теннисші Дохада франциялық қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен жеңген. Ал 2025 жылы Маннарино Бейжіңде 6:3, 6:2 есебімен реванш алған.

Үшінші айналымда Қазақстан өкілі хорватиялық Дино Прижмич пен америкалық Томми Пол арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Еске салайық, US Open турнирінің қазіргі чемпионы – Карлос Алькарас. Испаниялық теннисші 2025 жылғы финалда Янник Синнерді жеңген болатын. Биылғы турнир 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында өтеді.

Бублик Маннариноны ойсырата жеңіп, US Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті – sport-hub