Бублик пен Кирьос Штутгарттағы турнирде жұптық өнер көрсетеді

Тестовый Автор··
ҰОК

ҰОК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Штутгартта өтетін ATP 250 турнирінің жұптық сайысына қатысады

 Оның серіктесі австралиялық теннисші Ник Кирьос (ATP 835) болмақ.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Бублик Германиядағы жарысқа тек жекелей емес, сонымен қатар жұптық сында да тіркелген. Ол шөп төсенішіндегі турнирде Кирьоспен бірге чемпиондық атақ үшін күреспек. Бірінші айналымда Бублик пен Кирьос швейцариялық Якуб Поль және америкалық Райан Сегерманға қарсы ойнайды.

Кездесу 8 маусымға жоспарланған және Қазақстан уақыты бойынша 20:00-ден ерте басталмайды.Сонымен қатар Александр жекелей сында да өнерін жалғастырады. Ол Штутгарттағы ATP 250 турниріндегі алғашқы кездесуін 10 маусым күні өткізеді.