Бублик ширек финалға жолдама алды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ATP

Фото: ATP

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Штутгарттағы ATP турнирінің жұптық сынында алғашқы айналымнан сәтті өтіп, ширек финалға жолдама алды.

Ол австралиялық Ник Кирьоспен жұптасып, швейцариялық Якуб Поль мен америкалық Райан Сеггерманды 6:3, 2:6, 10:6 есебімен жеңді. Кездесу 38 минутқа созылды.

Матч барысында қазақстандық-австралиялық жұп төрт эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді. Ал қарсыластары 11 эйс орындап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ.

Жартылай финал жолдамасы үшін Бублик пен Кирьос эстониялық Даниил Глинка және грек Стефанос Сакелларидистен құралған жұппен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жекелей сынында да сәтті өнер көрсеткен болатын. Екінші айналымда 28 жастағы қазақстандық теннисші германиялық Ян-Леннард Штруффты үш сетке созылған тартысты матчта 7:6, 3:6, 6:2 есебімен жеңді.