«Будё-Глимт» Чемпиондар лигасында «Боруссияны» сенсациялық түрде жеңді

Фото: ФК «Боруссия» Дортмунд
Норвегиялық «Будё-Глимт» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Екінші турда команда Дортмундтың «Боруссиясын» 1:0 есебімен ұтты.
УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 2-тур
«Будё-Глимт» (Норвегия) – «Боруссия» Дортмунд (Германия) – 1:0 (0:0).
Гол: Шёвольд, 52.
Кездесудегі жалғыз гол 52-минутта соғылды. Жартылай қорғаушы Сондре Аукленд оң қапталдан пас шығарды. Оның берген добын қорғаушы Фредрик Шёвольд қақпаға бағыттап, командасына жеңіс сыйлады.
Бұл «Будё-Глимт» үшін Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы алғашқы жеңіс болды. Турнирдің алғашқы турында норвегиялық клуб Мюнхеннің «Бавариясынан» 0:5 есебімен жеңілген еді.
Ал «Боруссия» жалпы кезеңді испаниялық «Вильярреалды» 3:2 есебімен жеңуден бастаған болатын. Екі турдан кейін қос команда да үш ұпайдан жинады.
Чемпиондар лигасының үшінші турында, 20 қазанда, «Будё-Глимт» сырт алаңда италиялық «Наполимен» кездеседі. Сол күні Дортмундтың «Боруссиясы» әзербайжандық «Сабахқа» қарсы ойнайды.