Бұрынғы «Формула-1» пилоты Таиландтағы демалыс кезінде жарақат алып, оған 28 жерден тігіс салынды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Vince Mignott/MB Media

Фото: Vince Mignott/MB Media

Таиланд полициясы бұрынғы «Формула-1» шабандозы Мика Салоға жасалған шабуылға қатысты тергеу бастады. Бұл туралы Thailand Nation басылымы хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Сало 19-мамыр күні Бангкокта серуендеп жүрген кезде өткір заттан жарақат алған. Алайда ол бірден жараланғанын байқамаған. Кейін өтіп бара жатқан адам оның аяғынан қан кетіп жатқанын айтқан. Осыдан кейін Сало медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлер оған 28 жерден тігіс салған.

Қазіргі уақытта тергеушілер шабуылға қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтау үшін бейнебақылау камераларын тексеріп жатыр.

Мика Сало «Формула-1»-де 1994-2000 жылдар аралығында, сондай-ақ 2002 жылы өнер көрсеткен. 59 жастағы финляндиялық спортшы мансабында екі рет «Формула-1» жарыстарында жүлделі тұғырға көтерілген.

Бұрынғы «Формула-1» пилоты Таиландтағы демалыс кезінде жарақат алып, оған 28 жерден тігіс салынды – sport-hub