Чехия — Норвегия кездесуі хоккейден әлем чемпионатындағы басты сенсацияға айналды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: RvS.Media/Monika Majer

Фото: RvS.Media/Monika Majer

Чехия құрамасы Швейцарияда өтіп жатқан 2026 жылғы хоккейден әлем чемпионатында Норвегиядан жеңіліп қалды.

В тобындағы кездесу Фрибур қаласында өтіп, норвегиялықтардың 4:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Микаэль Брандсегг-Нюгор дубль авторы атанды. Тағы бір-бір шайбадан Ховар Сальстен мен Мартин Реннильд соқты. Чехия құрамасындағы жалғыз голды Ярослав Хмеларж енгізді.

Осы жеңістен кейін Норвегия 13 ұпаймен В тобында екінші орынға көтерілді. Чехия құрамасының да алты матчтан кейін 13 ұпайы бар. Екі құрама да плей-офф кезеңіне жолдама алып қойды.

Айта кетейік, әзірге В тобының үздік төрттігіне Швеция құрамасы кірмей тұр. Команданың еншісінде тоғыз ұпай бар.

Топтық кезеңнің соңғы турында Чехия Канадамен кездессе, Норвегия Данияға қарсы ойнайды.

2026 жылғы хоккейден әлем чемпионаты 15-31 мамыр аралығында Швейцарияда өтіп жатыр.

Чехия — Норвегия кездесуі хоккейден әлем чемпионатындағы басты сенсацияға айналды – sport-hub