«Челси» «Манчестер Ситидің» бұрынғы қорғаушысын өз қатарына қоспақ

Фото: EFA
Лондондық «Челси» осы жазда «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде кеткен Англия құрамасының орталық қорғаушысы Джон Стоунзды өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
The Athletic басылымының мәліметінше, «Челси» қорғаныс шебін күшейту бағытындағы жұмысын жалғастырып, 32 жастағы Стоунзды әлеуетті трансферлік нысандар тізіміне енгізген.
Клуб басшылығы құрамға тәжірибелі футболшыларды тартуды көздеп отыр. Бұған дейін лондондық клуб 34 жастағы швейцариялық жартылай қорғаушы Гранит Джаканы да қатарға қосуды жоспарлаған. Алайда «Сандерленд» оның трансферіне қатысты ұсынысты қабылдамаған.
2026 жылғы әлем чемпионатында Стоунз Англия құрамасы сапында алты матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.
Өткен маусымда қорғаушы «Манчестер Сити» құрамында барлық турнирде 18 матчқа қатысты.