«Челси» – «Тоттенхэм»: Дастан Сәтпаев ойнауы мүмкін матчтың тікелей трансляциясы

Айбар Рысдаулет ··
Фото: Chelsea FC

Фото: Chelsea FC

Сенбі, 1 тамызда Аустралияның Сидней қаласында Англияның «Челси» және «Тоттенхэм» клубтары арасында жолдастық матч өтеді. Кездесу «Аккор» стадионында өтіп, Қазақстан уақыты бойынша 14:45-те басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын «Челси» клубының ресми сайтынан, сондай-ақ Аустралияның А-Лигасының YouTube-арнасынан көруге болады.

Хаби Алонсо баптайтын команда үшін бұл кездесу Аустралия мен Азиядағы маусым алдындағы ОЖЖ аясындағы екінші ойын болмақ. Алғашқы матчта «Челси» аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңді. Ойынның басты оқиғаларының бірі – Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың лондондық клуб сапындағы алғашқы голы болды.

«Тоттенхэм» де маусымаралық кезеңде жеңіліссіз келе жатыр. Лондондық клуб «Милтон-Кинс Донс» (1:0) және «Оклендті» (2:0) жеңіп, кейін «Сиднеймен» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында басым түсті.