«Челси» Валентин Барконы сатып алды
Бөлісу

Фото: chelseafc.com
Лондондық «Челси» «Страсбур» клубынан жартылай қорғаушы Валентин Барконы сатып алғанын ресми түрде хабарлады.
22 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы «аристократтармен» 2033 жылға дейін, яғни жеті жылдық келісімшартқа қол қойды.
Барко аргентиналық «Бока Хуниорс» клубының түлегі. «Страсбурға» ауысқанға дейін ол ағылшындық «Брайтон» және испаниялық «Севилья» командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымда футболшы француз клубы сапында 43 матч өткізіп, 3 гол соқты.