«Челси» – «Ювентус»: Дастан Сәтпаев қатысуы мүмкін матчтың тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@ChelseaInPhotos

Фото: x_@ChelseaInPhotos

Сәрсенбі, 5 тамыз күні Гонконгта Англияның «Челси» және Италияның «Ювентус» клубтары арасында жолдастық кездесу өтеді. Ойын «Кай Так» стадионында ұйымдастырылып, Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.

Матчтың тікелей трансляциясын Winline сайты арқылы көруге болады.

Хаби Алонсо командасы үшін бұл кездесу Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы тур аясындағы үшінші ойын болмақ. Алғашқы матчта «Челси» австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубын 6:4 есебімен жеңсе, кейін «Тоттенхэмге» 1:2 есебімен жол берді. Сиднейдегі ойында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын соқты.

«Ювентус» та маусым алдындағы кезеңде жеңіліссіз келеді. Туриндік клуб «Базельмен» 0:0 есебімен тең ойнап, «Стандардты» 1:0 және «Ниццаны» 2:0 есебімен жеңді.