Басты бет
·
Футбол

Чемпиондар лигасының дебютанты тарихи рекорд орнатты

Каирбек Тулегенов ··
«Комо» ФК

«Комо» ФК

Италиялық «Комо» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда сырт алаңда Францияның «Ланс» клубын 9:1 есебімен ойсырата жеңіп, турнир тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.

Сеск Фабрегас жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасы тарихында сырт алаңда бір матчта тоғыз гол соққан алғашқы клуб атанды. Бұған дейін ешбір команда қонақта сегіз гол айырмасымен жеңіске жетпеген.

Бір қызығы, «Комо» – Чемпиондар лигасындағы дебютант. Осыдан екі жыл бұрын ғана италиялық клуб B сериясында өнер көрсеткен еді. Ал қазір Еуропаның басты клубтық турнирінде жоғары орындар үшін күресіп жатыр.

Төрт турдан кейін Фабрегас шәкірттері тоғыз ұпай жинап, жалпы кезең кестесінде төртінші орында келеді. Олар «Барселона», «Манчестер Сити» және «Бавария» секілді алпауыт клубтардан жоғары орналасқан.

Сонымен қатар «Комо» барлық турнирде қатарынан алты матчтан бері жеңіліс тапқан жоқ. Осы кездесулерде команда 22 гол соғып, өз қақпасына небәрі төрт доп жіберген.