Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің барлық жұптары анықталды
Бөлісу

Фото: Chelsea FC
2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі барлық жұптар белгілі болды.
Турнирдің бұл сатысында Қазақстан атынан жалғыз өкіл ретінде алматылық «Қайрат» қалды.
Қазақстан чемпионы болгариялық «Левскимен» кездеседі. Алғашқы матч 4 немесе 5 тамызда өтсе, қарымта ойын 11 тамызға жоспарланған. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда турнирдің негізгі кезеңіне шығу жолындағы күресін жалғастырады.
«Левски» – «Қайрат» жұбынан бөлек, Чемпиондар жолында «Динамо» (Загреб) – «Кауно Жальгирис», «Мьельбю» – «Слован», «Орхус» – «Сабах», «Арарат-Армения» – «Целе», сондай-ақ «Хапоэль» Беэр-Шева – «Црвена Звезда» кездеседі.