Чесноков қайтадан «Тобылға» орала ма? Жаңа мәліметтер белгілі болды

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков жақын арада қайтадан «Тобыл» клубының ойыншысы атануы мүмкін.

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының хабарлауынша, вингер ұзаққа созылған келіссөздерден кейін Қостанайлық клубқа оралу туралы шешім қабылдаған.

Дереккөздің мәліметінше, Чесноковтың Қазақстанға оралуы ұзақ мерзімге жоспарланбаған. Футболшы қыс мезгілінде қайтадан шетелге аттанып, ал 2026 жылғы маусымның екінші бөлігін «Тобыл» сапында өткізіп, командаға чемпионатта жоғары орындар үшін күресуге және Конференция лигасында өнер көрсетуге көмектеседі.

Еске салайық, Чесноков осы жылдың қаңтар айында «Тобылдан» шотландиялық «Хартс» клубына ауысқан еді. Шотландия командасы сапында қазақстандық барлық турнирде 11 матч өткізіп, бір гол соқты. Маусым қорытындысы бойынша ол Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Айта кетейік, «Тобыл» құрамында ойнаған кезінде Чесноков екі рет Қазақстан кубогын жеңіп алды (2023, 2025), сондай-ақ 2024 жылы ел Суперкубогын иеленді.