Чесноковсыз «Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңді

Али Асетов··
«Крылья Советов» ФК

«Крылья Советов» ФК

Самаралық «Крылья Советов» Ресей кубогының топтық кезеңінде ұпай жинауын жалғастыруда.

РПЛ жолының үшінші турында команда сырт алаңда Калининградтың «Балтикасымен» кездесті.

Жеңімпазды негізгі уақыттан кейін анықтауға тура келді. 90 минут ішінде қос команда да бір-бірінің қақпасына гол соға алмады. «Ростех Аренада» өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Ресей кубогының ережесіне сәйкес, мұндай жағдайда командалар бірден пенальти сериясына көшті. Бұл кезеңде қонақтар басымдық танытты.

«Крылья Советов» футболшылары бес пенальтидің барлығын да мүлтіксіз орындады.

Ресей кубогы, топтық кезең

«Балтика» – «Крылья Советов» – 0:0 (пенальти – 3:5)

Пенальти сериясындағы жеңістің арқасында самаралық команда екі ұпай еншіледі. Енді «Крылья Советов» үш ойыннан кейін алты ұпай жинап, С тобында екінші орында тұр.

Топ көшін «Зенит» бастап келеді. Санкт-Петербург клубының еншісінде сегіз ұпай бар. Үш ұпайы бар «Балтика» үшінші орында болса, махачкалалық «Динамо» бір ұпаймен топты соңында тұр.

Бұл кездесуге Ислам Чесноков қатысқан жоқ. Қазақстандық вингер «Балтикаға» қарсы матчқа «Крылья Советовтің» өтініміне енгізілмеді. Онымен бірге негізгі құрамның тағы бірнеше ойыншысы кездесуді өткізіп алды. Алайда самаралық клуб Чесноков пен басқа футболшылардың не себепті матчқа қатыспағанын нақтылаған жоқ.

«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңді – sport-hub