Басты бет
·
MMA/UFC

Чимаев пен Стрикленд күзде реванш өткізуі мүмкін

Ульяна Калиаскар··
Хамзат Чимаев - Шон Стрикленд

Хамзат Чимаев - Шон Стрикленд

Күзде Абу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Хамзат Чимаев пен америкалық Шон Стрикленд арасында реванш өтуі ықтимал.

Мамырдың 10-ы күні өткен UFC 328 турнирінде Чимаев - Стриклендке төрешілердің екіұдайы шешімімен есе жіберіп, ұйымның орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғай алмады.

«Біз Абу-Дабидегі турнирде реванш өткізуді сұрадық. Одан әрі жағдайға қарай көреміз», — деді ТАСС агенттігіне Хамзаттың ағасы Артур Чимаев.

Хамзат Чимаев бұған дейінгі жекпе-жегін 2025 жылдың тамыз айында UFC 319 турнирінде өткізіп, сол кездегі чемпион Дрикус дю Плессиді төрешілердің біріңғай шешімімен жеңген болатын.

Қазіргі таңда Чимаевтың еншісінде 15 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал Стрикленд мансабында 31-рет жеңіске жетіп, жеті мәрте жеңілген.