Дамир Жалғасбай Уимблдон-2026 турнирінің екінші айналымына өтті
Бөлісу

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай 2026 жылғы Ұлыбритания ашық чемпионатының жасөспірімдер арасындағы турниріндегі алғашқы матчында сәтті өнер көрсетті.
18 жастағы қазақстандық юниорлар арасындағы «Уимблдонда» бірінші айналымда австриялық теннисші Тило Берманмен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матч Дамирдің пайдасына 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:8) есебімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 2 сағат 5 минут өткізді. Осылайша, Жалғасбай отандасы Зангар Нұрланұлымен бірге «Үлкен дулыға» санатындағы шөптегі турнирдің екінші айналымына шықты. Келесі кезеңде ол Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Коннор Дойгпен кездеседі.