Дана Уайт Махачев – Гэрри жекпе-жегіне баға берді

Айбар Рысдаулет ··
Фото: MMA Fighting

Фото: MMA Fighting

UFC президенті Дана Уайт UFC 330 турнирінде Ислам Махачев пен Иэн Гэрри арасындағы чемпиондық жекпе-жекке баға беріп, ирландиялық спортшының бесінші раундтағы әрекетін сынға алды.

Жекпе-жек толық бес раундқа созылып, Махачев төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Екі төреші барлық раундта ресейлік спортшының басымдығын көрсетіп, 49:46 есебін тіркеді. Тағы бір төреші жекпе-жекті 48:47 деп бағалады.

Уайттың пікірінше, Гэрри бесінші раундта кездесудің барысын өзгерте алатын мүмкіндікке ие болған. UFC басшысының айтуынша, Махачев жекпе-жектің соңына айтарлықтай жарақаттармен жеткен, сондықтан ирландиялық осы сәтті пайдалануы керек еді.

«Гэрри – талантты жігіт. Бірақ егер ол бесінші раундта жеңіске деген инстинктін көрсете алғанда... Исламның бүйірі соққыдан зақымдалған, беті жарақаттанған. Бесінші раундқа шығып, қол алысып, құшақтасуға болмайды. Бұл менің ашуымды келтіреді», – деді Уайт.

UFC президенті чемпиондық жекпе-жектің шешуші кезеңінде спортшы барынша агрессивті әрекет етіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаудың жолын іздеуі керек екенін атап өтті.

«Бәс соншалықты жоғары болған кезде, бесінші раундта жеңіске жету үшін ұшып келіп жасалатын тізе соққысын немесе басқа да күтпеген әрекетті қолдану керек. Бесінші раундқа шығып, қол алысып тұруға болмайды. Қарсыласты талқандау үшін бар күшіңді салуың керек», – деді Уайт.

Сонымен қатар UFC басшысы Махачевтің өнерін жоғары бағалап, чемпионның физикалық тұрғыдан мықты әрі ірі қарсыласының негізгі артықшылықтарын толықтай бейтараптандырғанын айтты.

«Махачев Гэрриді бақылауда ұстап, оны толықтай бейтараптандырды. Ол жеңіске жету үшін қажет нәрсенің бәрін жасады», – деді Уайт.

Гэрриді жеңу Махачев үшін UFC-дегі қатарынан 17-ші жеңіс болды. Осы нәтижесі арқылы ресейлік спортшы UFC тарихындағы 16 жеңістен тұратын Андерсон Силваның рекордын жаңартты.

Қазір 34 жастағы Махачевтің кәсіби MMA-дегі рекорды – 29 жеңіс және бір жеңіліс. Ал Гэрри үшін бұл жеңіліс полусредний салмақтағы кезекті маңызды сынақ болды. Бұған дейін ирландиялық осы дивизионда Белал Мухаммад пен Карлос Пратесті жеңген еді.

Дана Уайт Иэн Гэрридің әрекетін сынап, Ислам Махачевтің өнерін жоғары бағалады – sport-hub