Басты бет
·
MMA/UFC

Дана Уайт Царукян жекпе-жегіндегі өзгеріске түсініктеме берді

Aibar Rysdaulet··
Фото:  MMA Fighting

Фото: MMA Fighting

UFC президенті Дана Уайт Арман Царукянның UFC 331 турниріндегі қарсыласы не себепті өзгергенін түсіндірді.

Ұйым басшысының айтуынша, Маурисио Руффи бастапқыда Царукянның қарсыласы болмаған.

«Жоқ, Маурисио Руффи Арман үшін алғашқы нұсқа емес еді. Бастапқы жекпе-жек өтпей қалды», – деді Уайт.

Оның сөзінше, бастапқыда ресейлік файтерге басқа қарсылас қарастырылған, алайда бұл кездесу түрлі себептерге байланысты жүзеге аспады. Осыдан кейін UFC ұйымдастырушылары бразилиялық Руффимен жекпе-жек өткізуді ұсынған.

Жеңіл салмақтағы бес раундқа жоспарланған Арман Царукян мен Маурисио Руффи арасындағы айқас 19 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтетін UFC 331 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегі болады.

Айта кетейік, бастапқыда Царукян Чарльз Оливейрамен кездеседі деп жоспарланған еді. Алайда BMF титулының иегері жеке себептерге байланысты, атап айтқанда досы әрі командаласы Аллан Насиментудың қайтыс болуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.