Дастан Сәтбаев Аустралиядағы матчта «Челсидің» негізгі құрамында шығады

«Челси» ФК
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев «Челсидің» «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуіне негізгі құрамға енді.
«Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы ойын лондондық клуб үшін Азия мен Аустралиядағы маусым алдындағы турнесі аясындағы алғашқы матч болады.
«Челсидің» негізгі құрамы:
Шарман-Лоу, Ачимпонг, Тосин, Субулойе, Эменало, Уолш, Уотсон, Эссугу, Сәтбаев, Делап, Кавума-Маккуин.
Айта кетейік, «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуден кейін лондондықтар Сиднейде «Тоттенхэммен» ойнайды. Одан кейін «Челси» Гонконгта «Ювентуспен», Джакартада «Миланмен», ал Малайзияда «Джохор Дарул Такзиммен» кездеседі.
Еске салайық, Сәтбаев «Челсиге» қазақстандық «Қайрат» клубынан ауысқан болатын. Қазақстандық шабуылшының трансфер құны 2,4 миллион еуроны құрады.