Дастан Сәтпаев Англиядағы Қазақстан жастар құрамасына барды

ҚФФ
«Бернли» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Еуро-2027 іріктеу кезеңінің соңғы матчтарына дайындалып жатқан Қазақстан жастар құрамасының Англиядағы орналасқан жеріне барды.
Қазақстан U-21 құрамасы қазіргі уақытта Хай-Уиком қаласында жаттығу өткізіп жатыр. Команда жергілікті «Уиком Уондерерс» клубының жаттығу базасын пайдалануда.
Қазақстан жастар құрамасы келесі матчын 25 қыркүйекте Англияға қарсы өткізеді. Кездесу Вулверхэмптон қаласындағы «Молинью» стадионында өтеді.
Одан кейін қазақстандықтар 29 қыркүйекте Корк қаласында Ирландиямен кездеседі. Матч «Тернерс Кросс» стадионында өтеді.
Қазіргі таңда құрама еншісінде төрт ұпай бар. Команда D тобында алтыншы орында тұр.
Еске салайық, Сәтпаев осы маусымның соңына дейін «Челсиден» «Бернлиге» жалға берілді. Қазір шабуылшы «Мидлсброға» қарсы Чемпионшип матчында алған санның артқы бөлігіндегі жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр.
