Дастан Сәтпаев «Бернли» жеңісінен кейін жанкүйерлерге алғыс айтты

«Бернли» ФК
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, ағылшындық «Бернли» клубының сапына оралғаннан кейін отандастарына үндеу жасады.
Еске салайық, Сәтпаев 2 қыркүйекте «Мидлсброға» қарсы матчта (1:1) санның артқы бұлшықетінен жарақат алған еді. Осыған байланысты ол «Бернлидің» төрт ойынын, сондай-ақ Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы матчтарын өткізіп алды.
«Қолдауларыңызға рақмет, қазақстандықтар! Алға, «Бернли»! Әрі қарай да алға жылжи береміз», – деп жазды 18 жастағы футболшы Instagram парақшасында.
Қазақстандық шабуылшы 10 қазанда Чемпионшиптің тоғызыншы турында «Уотфордқа» қарсы сырт алаңдағы кездесуде алаңға қайта шықты. Сәтпаев 74-минутта Якуб Бруун Ларсеннің орнына ойынға қосылды. Матчта «Бернли» 4:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды Бруун Ларсен, Зеки Амдуни, Рео Хатате және Маркус Эдвардс соқты.
«Уотфордқа» қарсы жеңіс «Бернли» үшін осы маусымдағы Чемпионшиптегі алғашқы жеңіс болды. Тоғыз турдан кейін команда жеті ұпай жинап, турнир кестесінде 23-орында тұр. Қазіргі уақытта клуб төменгі лигаға түсіп қалу аймағында орналасқан.
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында «Челсиден» жалға алу шартымен өнер көрсетіп жүр.