Дастан Сатпаев «Бернлиде» 12-нөмірмен өнер көрсетеді

Aibar Rysdaulet··
Фото: ФК Бернли

Фото: ФК Бернли

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев ағылшынның «Бернли» клубында 12-нөмірмен өнер көрсетеді.

17 жастағы футболшы жаңа нөмірдегі жейдесін «Челсиден» жалға алынғаннан кейін алды. Сатпаев Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы матчта қосалқы құрамда қалды.

Осылайша, қазақстандық шабуылшының «Бернли» сапындағы ресми матчтағы дебют жасау мүмкіндігі сақталып отыр. Сатпаев кездесудің екінші таймында алаңға шығуы мүмкін.

«Вест Бромвич» – «Бернли» матчы бүгін, 23 тамызда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.