Дастин Порье Макгрегорға төртінші жекпе-жек өткізуді ұсынды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Skysports

Фото: Skysports

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порье ирландиялық файтер Конор Макгрегор жарақатынан айыққаннан кейін төртінші жекпе-жек өткізуді ұсынды.

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Дастин Порье ирландиялық файтер Конор Макгрегор жарақатынан айыққаннан кейін төртінші жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Америкалық спортшы Макгрегормен тағы бір рет кездесуге дайын екенін айтып, бұл жолы жекпе-жекті жартылай орта салмақта өткізуді ұсынды.

«Макгрегор толық қалпына келгенде, менімен байланыссын. Конор, мен оралып, сені тағы да жеңуге дайынмын, бірақ бұл жолы жартылай орта салмақта», – деп Порьенің сөзін Championship Rounds келтіреді.

Еске салайық, UFC 329 турнирінің басты жекпе-жегінде Макс Холлоуэй Макгрегорды бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жектің алғашқы секундтарында ирландиялық спортшы тайып кетіп, тізесінен жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Осыдан кейін төреші айқасты тоқтатты.

Бұған дейін Макгрегор мен Порье октагонда үш рет кездескен. Алғашқы жекпе-жекте ирландиялық нокаутпен жеңіске жетсе, кейінгі екі кездесуде Порье басым түсті.