Басты бет
·
Су спорты

Диас Кенжебек Пара Азия ойындарында алтын алып, Азия рекордын жаңартты

Али Асетов··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық жүзуші Диас Кенжебек Жапонияда өтіп жатқан V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол 100 метрге арқамен жүзуде топ жарып, Азия рекордын жаңартты.

S10 санатындағы финалдық жарыста қазақстандық спортшы 1 минут 1,98 секунд нәтижесін көрсетті. Осылайша, ол бұған дейінгі 1 минут 3,73 секундқа тең құрлық рекордын жаңартты.

Күміс жүлдені жапониялық Акито Мина 1:05.13 нәтижесімен иеленсе, тағы бір жергілікті спортшы Юмето Идо 1:07.64 уақыт көрсеткішімен қола медальға қол жеткізді.

Диас Кенжебектің алтыны Қазақстан құрамасы үшін осы Пара Азия ойындарындағы бесінші алтын жүлде болды. Отандасымыз чемпиондық атақпен қатар, құрлық рекордын да жаңартты.