Диего Форлан Уругвай құрамасының бас бапкері атанды

Фото: Getty Images
Уругвай футбол қауымдастығының президенті Игнасио Алонсо 47 жастағы Диего Форланды ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындағанын жариялады.
Бұл қызметте бұрын «Атлетико», «Вильярреал» және «Манчестер Юнайтед» клубтарында ойнаған экс-шабуылшы Марсело Бьелсаның орнын басты. Бьелса Уругвай құрамасының қазіргі әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне шыға алмауына байланысты қызметінен босатылған болатын.
Форланның алдында қос міндет тұр: ол негізгі құрамамен қатар U20 жасөспірімдер командасын да басқарады. Оның алғашқы маңызды сынағы 2027 жылдың басында өтетін жастар арасындағы Оңтүстік Америка чемпионаты болмақ.
Маманның қазіргі келісімшарты келесі жылдың наурызына дейін жарамды. Оның әрі қарайғы тағдыры Қауымдастықтың жаңа басшылығын сайлау нәтижесіне байланысты болады.