«Динамо» – «Барыс» матчын қайдан көруге болады?

«Барыс» ХК
22 қыркүйекте «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді.
Астаналық клуб Мәскеуге барып, жергілікті «Динамомен» кездеседі.
Ойын Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. Матчты жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.
Кездесу алдында Мәскеу мен Астана клубтарының еншісінде сегіз ұпайдан бар. Алайда «Барыс» қарсыласынан бір матч кем өткізді.
ҚХЛ тұрақты чемпионатының алдыңғы ойынында «Барыс» лиганың қазіргі көшбасшысы «Локомотивті» 5:0 есебімен жеңіп, қарсыласына маусымдағы алғашқы жеңілістің дәмін тарттырды.