Дияр Нұрғожай Бруно Лопесті нокаутпен жеңді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: UFC

Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста (АҚШ) өтіп жатқан UFC Fight Night 284/UFC Vegas 120 турнирінде жекпе-жек өткізді.

Үш раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа созылмады. Бірінші раундтың аяқталуына жарты минут қалғанда Нұрғожай Лопесті нокдаунға түсірді. Алайда бразилиялық спортшы орнынан тұрып, қарсылығын жалғастыра алды.

Дегенмен оның қарсыласуға мүмкіндігі ұзаққа созылмады. Қоңырауға алты секунд қалғанда Дияр бэкфист соққысын жасап, артынша қарсыласын тағы бірнеше соққымен төпеледі. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, қазақстандық спортшының UFC-дегі рекорды 2-2 болды. Ал Лопес қатарынан үшінші рет жеңіліп, UFC-дегі көрсеткішін 1-3-ке жеткізді.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек екі спортшы үшін де қолданыстағы келісімшарттары бойынша соңғы кездесу болды.

Дияр Нұрғожай Бруно Лопесті нокаутпен жеңді – sport-hub