Джамал Мусиала денсаулығына қатысты мәселелердің мән-жайын айтты

Фото: Getty Images
Мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала жақында өткен жолдастық кездесулер кезінде екі рет есінен танып қалуына себеп болған денсаулық мәселелері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтты.
23 жастағы футболшы медициналық тексеруден кейін мамандар оның бойынан неврологиялық бұзылысты анықтағанын хабарлады. Мусиаланың айтуынша, бұл қысқа уақытқа созылатын жағдай, сол кезде ол айналасында болып жатқан нәрселермен байланысын аз уақытқа жоғалтады. Сонымен қатар ойыншы бұл мәселе дәрігерлердің бақылауында екенін және денсаулығына қосымша қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Мусиала жанкүйерлерге көптеген хабарламалары мен қолдауы үшін алғыс білдірді. Футболшы адамдардың алаңдаушылығын түсінетінін, алайда оның ағзасының жағдайына қатысты асығыс қорытынды жасамауға шақырды.
Футболшының денсаулығына деген жоғары қызығушылыққа қысқа уақыт аралығында болған осыған ұқсас екі жағдай себеп болды.