Джокович Уимблдонда Циципасты еш қиындықсыз жеңді

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Новак Джокович Уимблдон-2026 турниріндегі сенімді ойынын жалғастырып жатыр.

Жарыстың екінші айналымында тәжірибелі серб теннисшісі Стефанос Циципасқа қарсы матчта айтарлықтай қиындық көрмей, үш сетте жеңіске жетті — 6:3, 6:4, 6:2.

Кездесу небәрі 1 сағат 41 минутқа созылып, әлемнің сегізінші ракеткасының толық бақылауымен өтті.

Бұл жеңіс Джокович үшін Циципасқа қарсы жекелей кездесулердегі 13-ші табысы болды. Олардың қарсыласу тарихында грек теннисшісі небәрі екі рет қана жеңіске жеткен.

Уимблдон-2026, ATP (ерлер, 1/32 финал)

Джокович (Сербия) – Циципас (Греция) – 6:3, 6:4, 6:2.

Үшінші айналымға шығу 39 жастағы Джокович үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі 78-ші көрсеткіш болды. Бұл оның әлемдік теннистің ең жоғары деңгейіндегі тұрақтылығының тағы бір дәлелі.

Еске сала кетейік, келесі матчта серб теннисшісі франциялық Артур Риндеркнехпен кездеседі. Ол Джоковичтің титул үшін күрес жолындағы келесі қарсыласы болмақ.