Дзюдошылар Еуропа Кубогында бақ сынады

Мерей Динмухаммедулы ··
olympic.kz

olympic.kz

Қазақстан дзюдо құрамасы Грузияның Гори қаласында өткен Еуропа кубогында бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылар бес жүлдеге қол жеткізді.

78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс жүлдегер атанды.

Ал қола медаль иегерлері қатарында Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) бар.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы сегізінші орынға тұрақтады.