Едіге Қасымбек Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Фото: Нұрғали Жұмағазы
Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленді.
Үшінші орын үшін белдесуде Қазақстан өкілі Түрікменстан балуаны Зымамухаммет Сапаровпен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Қасымбек жеңіске жетіп, құрлықтық додада қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Едіге Қасымбек Азия ойындарындағы жарысын үшінші орынмен аяқтап, Қазақстан құрамасының жүлделер қорын толықтырды.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына тағы бір қола медальді Начын Куулар әкелген болатын.