Елена Рыбакина әлемдегі ең сұлу теннисшілер тізіміне енді

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина корттағы жетістіктерімен ғана емес, сыртқы келбетімен де шетелдік басылымдардың назарын аударды. The Topspin Academy теннис қауымдастығы оны WTA турындағы ең сұлу теннисшілердің қатарына қосты.
Қауымдастық X әлеуметтік желісінде қазақстандық спортшыға арнайы жазба арнады. Авторлар Рыбакинаның табиғи сұлулығын, бет-әлпетінің ерекшелігін, киіну мәнерін және кортта да, күнделікті өмірде де сабырлы қалпын сақтайтынын атап өтті.
«Талғампаздық, табиғи сұлулық және өзіне деген сабырлы сенімділік оны теннис кортында да, одан тыс жерде де ерекшелендіреді. Елена Рыбакинаның әйелдер теннисінде алатын орны бөлек», – делінген жарияланымда.
Авторлар қазақстандық теннисшінің мінезіне де ерекше тоқталған. Олардың пікірінше, ұстамдылық пен салқынқандылық Рыбакинаның өзіндік болмысының ажырамас бөлігіне айналған.
Қауымдастық өкілдері спортшыға көпшіліктің назарын аудару үшін дабыралы мәлімдемелер жасаудың немесе ерекше әрекеттерге барудың қажеті жоқ екенін атап өткен.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін де осындай тізімдерге енген. 2026 жылдың маусымында қазақстандық спортшы барлық уақыттағы ең сұлу 15 теннисшінің рейтингінде 11-орын алған болатын.
Сонымен қатар 2026 жыл Қазақстан теннисі үшін тарихи кезеңге айналды. Рыбакина Australian Open және US Open турнирлерінде топ жарып, Штутгарт пен Нинбода да чемпион атанды. Осылайша кәсіби мансабындағы жүлделер санын 15-ке жеткізді.
Қыркүйек айында Елена әлемдік рейтингтің көшбасшысы Арина Соболенконы басып озып, бірінші орынға көтерілді.
Ал маусым қорытындысы бойынша Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесінде аяқтаған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.