Елена Рыбакина Рим турнирінің жартылай финалдағы ықтимал қарсыласын білді
Бөлісу

WTA
«Үлкен дулыға» турнирлерінің алты дүркін жеңімпазы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Швёнтек Римдегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Швёнтек ширек финалда WTA рейтиңінде 5-ші тұрған америкалық Джессика Пегуланы екі сетте де ірі есеппен жеңді — 6:1, 6:2.
Пегула ойын барысында бір эйс орындап, екі мәрте қосар қателікке жол берді және бірде-бір брейк-пойнт еншілей алмады. Швёнтек болса екі эйс орындап, екі рет дабл фол жасады. Сондай-ақ жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Финал жолдамасы үшін Ига Швёнтек қазақстандық Елена Рыбакина мен украиналық Элина Свитолина арасындағы кездесудің жеңімпазымен сайысқа түседі.