Елена Рыбакина «Ролан Гаррос»-2026 турнирінен кейін пікір білдірді

Фото: Rob Prange
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос»-2026 турнирінің екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцевадан жеңілгесін ойынға қатысты пікірін айтты.
Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласына 6:3, 1:6, 6:7 есебімен жол берді.
— Менің ойымша, мәселе тек ыстықта емес, доптың қалай ұшқанында және ауа райының оған қалай әсер еткенінде болды. Доп өте жеңіл, оны бақылау қиын. Барлығы ыстыққа бейімделуге тырысады, бірақ әртүрлі нәтиже болады. Бұл қай елде ойнап жатқаныңа да байланысты. Физикалық тұрғыдан дәл аптап ыстық негізгі фактор болды деп ойламаймын. Мен өз ойынымның балансын таба алмадым, қажетті соққыларды жасай алмадым және тым көп қателік жасадым, — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.
Франция ашық чемпионатының үшінші айналымында Юлия Стародубцева қытайлық Ван Сиюймен кездеседі.