Елена Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Каирбек Тулегенов ··
Фото: wtatennis.com

Фото: wtatennis.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

1/8 финалда қазақстандық теннисші тартысты кездесуде ресейлік Людмила Самсонованы (әлемдік рейтингте №55) 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 49 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 11 эйс жасап, 6 қос қателік жіберді және 17 брейк-пойнттың 7-еуін сәтті пайдаланды.

Келесі айналымда қазақстандық теннисші Лейла Фернандес (Канада) пен Наоми Осака (Жапония) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.