Елена Рыбакина туған күнінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады

Темирлан Мажекенов ··
Фото: WTA

Фото: WTA

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина 17 маусымда өткен туған күнінен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Ол гүл шоқтары мен туған күн торты бейнеленген фотосуретін бөлісіп, жанкүйерлерге құттықтаулары үшін алғыс білдірді. Спортшы 27 жасқа толды.

Қазіргі уақытта Рыбакина Берлин қаласында жүр, онда WTA-500 санатындағы турнир өтіп жатыр. Ол жарысты екінші айналымнан бастайды. Алғашқы кездесуін ол WTA рейтингінде 35-орында тұрған филиппиндік Александра Эалаға қарсы өткізеді.

Айта кетейік, осы маусымдағы ең ірі жетістігі Australian Open турниріндегі чемпиондық атақ.