Елена Рыбакина турнирлер арасындағы үзілісте Братиславадағы шарап зауытында демалып жүр

Каирбек Тулегенов ··
Фото: instagram.com/lenarybakina

Фото: instagram.com/lenarybakina

Уимблдон-2026 аяқталғаннан кейін әлемнің бірқатар жетекші теннисшілері келесі ірі жарыстардың алдында күш жинау үшін қысқа үзіліс алды.

Солардың қатарында Қазақстанның және әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар. Теннисші өзінің Instagram парақшасында Словакияның Братислава қаласындағы шарап зауытында демалып жүрген сәтінен фото және бейнежазбалар жариялап, жазбаға «Кішкентай серпіліс» (A little reset) деген жазу қалдырды.

Еске салайық, Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінде үшінші айналымнан аса алмады. Турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған қазақстандық теннисші Бельгия өкілі Элизе Мертенске жол берген болатын.

Енді Australian Open-2026 турнирінің қазіргі чемпионы маусымдағы «Үлкен дулыға» санатындағы соңғы жарыс – АҚШ ашық чемпионатына (US Open) дайындықты бастайды.