Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін жеңіспен бастады

Фото: Jimmie48
WTA әлемдік рейтингінде екінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатындағы өнерін сәтті бастады.
Турнирдің алғашқы матчында 27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы АҚШ өкілі Теа Фродин болды. 17 жастағы америкалық теннисші WTA рейтингінде 580-орында тұр.
Рыбакина қарсыласына айтарлықтай қиындық туғызуға мүмкіндік бермей, кездесуді екі сетте аяқтады. Елена алғашқы партияда 6:3 есебімен жеңсе, екінші сетте басымдығын 6:2 есебіне жеткізді. Бұл жеңіс қазақстандық теннисшіге жарыстың екінші айналымына жолдама сыйлады.
АҚШ ашық чемпионаты, WTA, әйелдер, 1/64 финал
Фродин (АҚШ) – Рыбакина (Қазақстан) — 3:6, 2:6
Рыбакинаның Нью-Йоркке аттанар алдындағы соңғы турнирі Цинциннатиде өткен WTA 1000 санатындағы хард жарысы болды. Қазақстандық теннисші онда ширек финалға дейін жеткенімен, жарысты жалғастыра алмады. WTA рейтингінде сегізінші орында тұрған польшалық Ига Швёнтекке қарсы матчта Елена есеп 1:4 болып тұрған кезде жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Өткен маусымда Рыбакина US Open турниріне де қатысқан. Сол кезде оның жарыстағы жолы 1/8 финалда аяқталған.