Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде екінші орнын сақтап қалды.

Қазақстандық теннисші 8 143 ұпаймен әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұр. Ол тек 9 090 ұпай жинаған Арина Соболенкоға ғана жол береді. Үздік үштікті 6 733 ұпаймен Ига Швёнтек түйіндеп тұр.

Өткен аптада Рыбакина Берлинде өткен WTA 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында филиппиндік Александра Эалаға есе жіберіп, жарысты ерте аяқтаған болатын. Оған дейін қазақстандық теннисші Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалына дейін жетіп, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерге жол берген еді.

Қазақстанның басқа теннисшілері арасында Юлия Путинцева 85-орында тұр. Жібек Құламбаева 29 сатыға көтеріліп, 450-орынға жайғасты. Аружан Сағандықова 668-орында келеді.

Сондай-ақ, Соня Жиенбаева сегіз орынға жоғарылап, әлемдік рейтингте 751-сатыға көтерілді. Ал Асылжан Арыстанбекова 925-орынға төмендеді.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды – sport-hub