Басты бет
·
Теннис

Елена Рыбакина WTA рейтингінде көш бастады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева жекелей сында жоғары көтерілсе, Анна Данилина жұптық рейтингтің үздік ондығында қалды.

Рыбакина 9197 ұпаймен әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр. Екінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко (7560 ұпай), ал үшінші сатыда ресейлік Мирра Андреева (6371 ұпай) орналасқан. Үздік бестікті америкалық Джессика Пегула (6235 ұпай) мен Кори Гауфф (5974 ұпай) түйіндейді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 14 сатыға көтеріліп, 969 ұпаймен 65-орынға жайғасты. Соня Жиенбаева 166 ұпаймен 381-орында тұр. Жібек Құламбаева 117 ұпаймен 479-сатыда болса, Аружан Сағандықова 59 ұпаймен 678-орынға орналасқан. Асылжан Арыстанбекова 57 ұпаймен 692-орында, ал Екатерина Дмитриченко 31 ұпаймен 884-сатыда келеді.

Жұптық сында Қазақстан өкілі Анна Данилина 6135 ұпаймен әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. Көш басында 11 260 ұпай жинаған чехиялық Катержина Синякова келеді. Екінші орында америкалық Тейлор Таунсенд (9415 ұпай), ал үшінші сатыда бразилиялық Луиза Стефани (9220 ұпай) орналасқан.

Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина жұптық рейтингте төртінші орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартқан еді. Биыл қазақстандық теннисші Дохада өткен WTA-1000 турнирінде жеңіске жетіп, Australian Open мен «Ролан Гаррос» жарыстарының финалына шықты.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде көш бастады – sport-hub