Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды

Фото: Jimmie48
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей сындағы әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Елена Рыбакинаның қоржынында 8056 ұпай бар. Әлемдік рейтинг көшбасшысы – Беларусь өкілі Арина Соболенко (8550 ұпай). Үшінші орында америкалық Джессика Пегула (6625 ұпай) тұр.
Қазақстанның өзге теннисшілері арасында Юлия Путинцева 82-орында орналасқан. Жібек Құламбаева 476-сатыда, Аружан Сағандықова 630-орында, Соня Жиенбаева 738-орында, ал Асылжан Арыстанбекова 946-орында тұр.
Жұптық сында қазақстандық Анна Данилина 6675 ұпаймен алтыншы орнын сақтап қалды. Оның серіктесі сербиялық теннисші Александра Крунич 6950 ұпаймен бесінші орында орналасқан.
Жұптық рейтинг көшін чехиялық Катержина Синякова бастап тұр (10 150 ұпай). Екінші орында америкалық Тейлор Таунсенд (9300), үшінші орында канадалық Габриэла Дабровски (8805) келеді.