«Елімай» – «Қайрат» матчын қайдан көруге болады?

Бекарыс Әлімхан··
«Қайрат» ФК

«Қайрат» ФК

Семейлік «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасының 24-турының қорытынды матчында алматылық «Қайратты» қабылдайды.

Кездесу 31 тамызда Семейдегі «Спартак» стадионында өтеді. Матч жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.

Жанкүйерлер ойынды KFF League YouTube арнасынан тікелей эфирде көре алады. Сондай-ақ матчтың ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live форматта бақылауға болады.

Матч алдында «Елімай» ҚПЛ турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. Команда 21 матчтан кейін 32 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» 48 ұпаймен екінші орында орналасқан. Алматы клубы чемпионат көшбасшысы «Ордабасыдан» жеті ұпайға қалып келеді.

Еске салайық, «Елімай» алдыңғы матчында «Каспиймен» 2:2 есебімен тең ойнады. Ал «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта «Андерлехттен» 0:3 есебімен жеңілді. Алматылық команда екі матчтың қорытындысы бойынша 0:6 есебімен жол беріп, енді Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді.