Элиза Мертенс Гауффты Пекиндегі WTA-1000 турнирінен шығарды

Фото: Jimmie48/WTA
Әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф Пекиндегі WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шыға алмады.
Жарыстың төртінші айналымында америкалық теннисші бельгиялық Элиза Мертенспен кездесіп, 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Ширек финалда Мертенс бұған дейін Ива Йовичті 6:1, 6:3 есебімен сенімді жеңген Ига Швёнтекпен кездеседі.
Айта кетейік, WTA-1000 санатындағы China Open-2026 турнирі Пекинде 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 96 теннисші қатысып жатыр. Турнирдің жүлде қоры — 9 миллион 415 мың 725 АҚШ доллары. Биыл жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші рекордтық 1 миллион 150 мың АҚШ долларын алады.
Турнирдің қазіргі чемпионы — америкалық Аманда Анисимова.