Енді Роналдудың көз жасына бәс тігуге болады

Фото: ФИФА
Polymarket қосымшасында Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты барысында жылай ма, жоқ па деген ерекше бәс пайда болды.
Платформа мәліметінше, көз жасының себебі кез келген жағдай болуы мүмкін. Яғни жеңістен кейінгі эмоция да, жеңілістен кейінгі күйзеліс те есепке алынады. Қазіргі таңда футболшының турнир кезінде жылау ықтималдығы 73% деп бағалануда. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 50% болған.
Айта кетейік, Криштиану Роналду ірі турнирлерде эмоциясын жиі жасырмайды. Оның көз жасы UEFA Euro 2024, FIFA World Cup 2022, UEFA Euro 2020, FIFA World Cup 2018, UEFA Euro 2016, FIFA World Cup 2014 және UEFA Euro 2004 турнирлерінде камера объективіне түскен.
Португалия ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 17 маусымда өткізеді. Команданың алғашқы қарсыласы Конго ДР ұлттық құрамасы.