Эриксеннің жағдайы белгілі болды

Айнат Қабидулла··
Фото: NurPhoto/Contributor

Фото: NurPhoto/Contributor

Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен жақын уақытта ауруханадан шығарылатыны белгілі болды

Бұл туралы Дания ұлттық құрамасының дәрігері Мортен Боэзен хабарлады. Эриксен Одессада өткен Украинаға қарсы жолдастық матч кезінде есінен танып қалған болатын. 34 жастағы футболшы екінші таймда кеудесін ұстап, кенеттен алаңда құлап есін жоғалтып алған. Кейін ол есін жиып, ауруханаға жеткізілген. Ойын сол сәтте тоқтатылды.

«Мен бүгін таңертең Кристианмен сөйлестім. Ол өзін жақсы сезінеді. Қазір ол отбасымен бірге, көңіл-күйі жақсы. Жақын уақытта ауруханадан шығарылып, үйіне қайтады деп күтіледі. Біз ойыншылар мен қызметкерлерге қамқорлық жасап, олармен үнемі байланыста боламыз», – деді Боэзен Дания футбол федерациясының баспасөз қызметі арқылы.

Айта кетейік, 2021 жылдың маусымында Эриксен Еуропа чемпионаты аясында Финляндияға қарсы матчта жүрегі тоқтап қалған болатын. Сол оқиғадан кейін ол кардиовертер-дефибриллятормен ойнап келеді.