Басты бет
·
Футбол

«Ертіс» – «Астана»: ҚПЛ матчының тікелей транслациясы

Бекарыс Әлімхан··
«Астана» ФК

«Астана» ФК

Павлодарлық «Ертіс» пен елордалық «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 18-туры аясында кездеседі.

Матч 18 қыркүйекте Көкшетау қаласында өтеді. Кездесу сағат 16:00-де басталады. Жанкүйерлер ойынды KFF League YouTube-арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ матчтың маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан онлайн бақылауға болады.

Командалардың өзара кездесуінің алдында «Астана» ҚПЛ турнирлік кестесінде 26 матчтан кейін 48 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Елордалық клуб көш бастап тұрған «Ордабасыдан» 16 ұпайға қалып келеді. Ал «Ертіс» 26 ұпаймен 13-орында орналасқан.

Өткен турда павлодарлықтар «Қызылжарға» 0:2 есебімен есе жіберіп, қатарынан екі матчта жеңіске жеткен сериясын үзді. «Астана» да соңғы ойынында жеңіліп, Қостанайдың «Тобылына» 1:2 есебімен жол берді.

Еске салайық, командалар биылғы маусымның алғашқы айналымында 14 маусымда Астанада кездескен. Сол ойында елордалық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды Карло Бартолец пен Марин Томасов соқты.

«Ертіс» – «Астана»: ҚПЛ матчының тікелей транслациясы – sport-hub