«Ертіс» нигериялық шабуылшымен келісімшартқа отырды
Бөлісу

«Черноморец» ФК
Павлодарлық «Ертіс» ресми түрде нигериялық шабуылшы Самсон Иедемен келісімшартқа отырғанын хабарлады. 28 жастағы футболшының трансфері туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өз мансабында шабуылшы Еуропаның бірнеше чемпионаттарында – Дания, Украина, Эстония, Бельгия және Сербияда ойнаған. Оның еншісінде 200-ден астам ресми матч бар.
Форвард «Пайде», «Фремад Амагер», «Ломмель», «Фредерисия», «Хорсенс», «Черноморец», «Ворскла» және «Нови-Пазар» сияқты клубтардың намысын қорғаған.
Эстонияның «Пайде» клубы сапында Иеде УЕФА Еуропа лигасының іріктеу матчтарына қатысқан. Бұл оның мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі.
Қазақстандық футбол оған таңсық емес. Осы маусымда ол елордалық «Жеңіс» сапында 12 матч өткізіп, 1 гол соққан.