Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Ева Тациева жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

Каирбек Тулегенов ··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық Ева Тациева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық гимнастикадан финалға жолдама алды.

Жекелей көпсайыстың іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы 47,866 ұпай жинап, 21-орынға тұрақтады.

Алайда жарыс ережесіне сәйкес, бір елден финалға ең көбі екі спортшы ғана өте алады. Осы талаптың нәтижесінде Тациева финалға қатысатын 18 гимнастшының қатарына енді.

Іріктеу кезеңінде Қытай спортшысы Се Гуйин 53,099 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды оның отандасы Чжун Ци (52,932 ұпай) иеленсе, ресейлік Полина Дмитриева (52,733 ұпай) үшінші орынға тұрақтады.

Жекелей көпсайыстың финалы 10 қарашада өтеді.

Ева Тациева жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты – sport-hub