«Эвертон» АПЛ-дің тоғызыншы турында «Ньюкаслды» жеңді

Фото: Instagram everton
2 қарашада Англия Премьер-лигасының (АПЛ) 2026/2027 жылғы маусымындағы тоғызыншы турдың соңғы матчы өтті. Онда «Ньюкасл Юнайтед» өз алаңында «Эвертонды» қабылдады.
Ньюкасл-апон-Тайн қаласындағы «Сент-Джеймс Парк» стадионында өткен кездесу қонақтардың 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Матчтың бірінші таймында командалар есеп аша алмады. Ал үзілістен кейін «Эвертон» алға шықты. 49-минутта француз шабуылшысы Тьерно Барри мүмкіндікті мүлт жібермей, командасына жеңіс сыйлаған голды соқты.
Қалған уақытта «Ньюкасл» таразы басын теңестіре алмады. Кездесудің соңына қарай алаң иелерінің жағдайы одан әрі қиындай түсті. Екінші таймға қосылған сегізінші минутта жартылай қорғаушы Джейкоб Рэмси қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, Барридің жалғыз голы «Эвертонға» сырт алаңда үш ұпай сыйлады.
Тоғыз турдан кейін ливерпульдік клуб 13 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр. Ал «Ньюкасл» 11 ұпаймен 13-сатыға жайғасқан.
Келесі турда «Эвертон» 6 қарашада «Ковентри Ситиді» қабылдайды. Ал «Ньюкасл» 7 қарашада «Фулхэммен» кездеседі.
Англия чемпионаты. Премьер-лига. 9-тур
«Ньюкасл Юнайтед» – «Эвертон» – 0:1 (0:0).
Гол: Тьерно Барри, 49 (0:1).
Қызыл қағаз: Джейкоб Рэмси, 90+8 («Ньюкасл»).